Футбол

Холанд Чемпиондар лигасында Мбаппенің рекордынан асып түсті

Холанд Чемпиондар лигасында Мбаппенің рекордынан асып түсті
twitter.com/ErlingHaaland

"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасында "Пари Сен-Жермен" форварды Килиан Мбаппенің рекордынан асып түсті.

ESPN FC мәліметінше, Холанд осы турнирде 40 гол салған (23 жас 130 күн) ең жас ойыншы болып отыр. Бұған дейінгі рекорд Мбаппеге тиесілі еді.

Оның үстіне Холанд 40 гол межесіне ең жылдам жеткен футболшы. Бұл үшін оған 35 матч қажет болған екен. Мұның алдындағы рекорд нидерландиялық шабуылшы Руд ван Нистелройға тиесілі еді, ол 40 голды 45 ойында салған.

Бұл кездесуден кейін "Манчестер Сити" 15 ұпай жинап, G квартетінде бірінші орында қалды. Одан кейін "Лейпциг" (9), "Янг Бойз" (3) және "Црвена Звезда" (1) тұр. 13 желтоқсан "Црвена Звезда" - "Манчестер Сити", "Лейпциг" - "Янг Бойз" матчтері өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар