Бокс

Жүкембаевтың салмағында абсолют чемпион болған боксшы адам жаралағаны үшін қамалған

Жүкембаевтың салмағында абсолют чемпион болған боксшы адам жаралағаны үшін қамалған
Global Look Press

Бірінші орта салмақта WBC және WBA ұйымдарының чемпионы америкалық Джермелл Чарлоны (35-2-1, 19 КО) өткен аптада полиция қамауға алғаны белгілі болды. 

Форт-Бенд округінің шерифіне сілтеме жасап отырған ESPN  арансының мәліметінше, Джермелл өз отбасының мүшесіне шабуыл жасап, оны жаралаған көрінеді. Ал дүйсенбі күні 33 жастағы бокшсы кепілге ақша беру арқылы бостандыққа шыққан. 

Айта кетейік, Джермелл Чарло қыркүйектегі соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Канело Альварестен жеңілді.

Бірінші орта салмақта абсолют чемпион болған Чарло көп ұзамай WBO белбеуінен айырылды. Екі айдан соң IBF титулын қорғаудан бас тартып, оны да бос қалдырады.

Басқа спорттық жаңалықтар