Бокс

Головкин WBO рейтингінен шығарылды

Головкин WBO рейтингінен шығарылды
Boxingscene.com

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әр салмақтағы рейтингін жаңартты. Жаңа тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жоқ. 

Орта салмақта WBO белбеуі Жәнібек Әлімханұлында. Ал рейтингте британиялық Крис Юбенк (кішісі) көш бастап тұр. Екінші орында өзге қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов. Үштікті Шейн Мозли (кішісі) түйіндеген. 

GGG соңғы рет өткен жылдың қыркүйек айында шаршы алаңға шықты. Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қарсыласына жол берген еді. 

Жалдыан аса уақыт рингте көрінбеген Головкин бұған дейін WBC, The Ring, Boxrec және өзге рейтингтерден шығып қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар