Футзал

ӘЧ-2024: Румыния — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

ӘЧ-2024: Румыния — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін, 20 желтоқсанда әлем чемпионаты элиталық іріктеу сатысында Румыния құрамасымен ойнайды.

Ел құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Румыния, Әзербайжан және Нидерланд.

Румыния мен Қазақстан кездесуі елорда уақытымен 23:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ел құрамасы бұған дейін Румынияны 4:3 есебімен жеңді. Сондай-ақ екі мәрте Нидерландты 2:0, 2:0, Әзербайжанды 4:2, 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Бес турдан кейін 15 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы көш басында келеді. Олар бір тур бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды.

Одан кейінгі орындағы Нидерланд - 6, Румыния - 4, Әзербайжан 4 ұпайдан еншілеген.

Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар