ХК "Барыс"

"Барыс" қорғанысын америкалық ойыншымен күшейтті

Шайба.kz

Астананың "Барыс" хоккей клубы америкалық қорғаушы Уилл Батчерді команда қатарына қосты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Команда мен ойыншы бір маусымдық келісімшартқа қол қойған. 29 жастағы Уилл тәжірибелі ойыншы. NHL-де 280 матчқа қатысқан. Төрт маусым "Нью-Джерси Дэвилз" командасының құрамында ойнаған. Бір маусым "Баффало Сэйбрз" жейдесін киген. Кейінгі маусымда AHL-гі "Скрэнтон Пингвинз" және "Айова Уайлд" клубтарында ойнаған.

АҚШ құрамасы сапында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері болған. Сондай-ақ ересектер арасында әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізген.

Басқа спорттық жаңалықтар