2024 Париж Олимпиадасы

Александра Ле финалдық кезеңде жүлдеге жете алмады

Александра Ле финалдық кезеңде жүлдеге жете алмады
olympic.kz

10 метрден пневматикалық винтовка атудан қазақстандық спортшы Александра Ле Париждегі Олимпиада ойындарында 6-орын алды.

Мерген қыз кеше іріктеуде де 6-орын алып, финалдық кезеңге шыққан еді. Бүгін 8 спортшы бақ сынаған негізгі кезеңде жүлделі орынға іліге алмады.

Александра бұған дейін аралас жұптық сайыста Ислам Сәтпаевпен бірге Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Олимпиадада 6-орын алған спортшы үшін де мемлекеттен сыйақы қарастырылған. Оған 5 000 АҚШ доллары беріледі.

Басқа спорттық жаңалықтар