Хоккей

Қазақстандық хоккейші әлем чемпионатында үздік қақпашы атанды

Қазақстандық хоккейші әлем чемпионатында үздік қақпашы атанды
Шайба.kz

Қазақстан командасының қақпашысы Владимир Никитин Будапештте өткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ъНикитин әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен. Ол орта есеппен соққылардың 94,44 пайызын қайтарған.

Сондай-ақ, ол басқа қақпашылармен салыстырғанда айдында көп уақыт өткізді. Бас бапкері Владимир Никитинді бес кездесудің барлығына да қатыстырды. 

Турнир барысында Қазақстан командасының қақпашысы 119 сейв жасаған. 

Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы атанып қана қоймай, Қазақстан командасының үздігі атына да лайық деп танылды.

Еске салайық, хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Будапештте бірінші дивизионның А тобындағы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Аустриядан жеңілді. Жеңіліске қарамастан, Сергей Старыгиннің шәкірттері 13 ұпаймен турнирді бірінші орында аяқтап, элитаға шықты. Олардан кейін Дания (9), Франция (9), Аустрия (8), Венгрия (4) және Жапония (2) тұр. 

Басқа спорттық жаңалықтар