Футбол

«Барселонаға» түскен «Наполи» президенті ЧЛ жеребесіне қатысты ойын айтты

«Барселонаға» түскен «Наполи» президенті ЧЛ жеребесіне қатысты ойын айтты
AFP

Италиялық «Наполи» футбол клубының президенті Аурелио Де Лаурентис Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесіне риза екенін айтты. Жеребе қорытындысы бойынша неапольдық командаға «Барселона» қарсылас болып түсіп отыр.

«Жеребе қорытындысы? Өте ризамын. «Барселона» — ол «Наполи» сияқты өте лайықты команда, — деп береді Де Лаурентистің сөзін Tuttomercatoweb.

Айта кетейік, командалар арасындағы бірінші матч 21 ақпан Италияда, ал қарымта кездесу 12 наурыз Испанияда өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар