2024 Париж Олимпиадасы

Екі адам дауыс бермеді. Томас Бах ХОК мұшелігіне қайта сайланды

Екі адам дауыс бермеді. Томас Бах ХОК мұшелігіне қайта сайланды
EPA / TASS

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах ұйымның мүшесі болып сегіз жылға қайта сайланды. Бұл шешім Парижде өтіп жатқан ХОК-тың 142-сессиясында қабылданды.

Бахтың қайта сайлануы үшін 95 қатысушының екеуі қалыс қалып, тоқсан үші дауыс берді.

Бах 70 жаста, ол алғаш рет 1991 жылы ХОК мүшесі болып сайланды, ал 1996 жылы ұйымның атқарушы комитетіне кірді. 2013 жылы 10 қыркүйекте Бах ХОК президенті болып сайланды және 2021 жылы қайта сайланды.

Айта кетейік, Томас Бах командалық семсерлесуден 1976 жылғы Олимпиада чемпионы.

Басқа спорттық жаңалықтар