Футбол

"Реал" Чемпиондар лигасы матчінде "Наполиді" ұтты

football-fun-live.com

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-турында италиялық "Наполиді" ұтты. 

Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен кездесу 4:2 есебімен аяқталды. 

"Наполи" сапынан Джованни Симеоне 10-минутта есеп ашты. Бірақ бір минут өте "Реала" шабуылшысы Родриго Гоэс есепті теңестірді. 22-минутта испаниялықтардың хавбегі Джуд Беллингем бір гол салды. Үзілістен кейін бірден италиялықтар сапынан Андре Замбо Ангисс есепті теңестірді. 84-минутта "Реалдың" жартылай қорғаушысы Николас Пас командасын есепте алға шығарды. 10 минуттан кейін Хоселу матч есебіне нүкте қойды - 4:2.

15 ұпай жинаған "Реал" C тобында бірінші тұр. "Наполи" жеті баллмен екінші келеді. Осы топтағы "Брага" төрт ұпай жинап, үшінші орында, ал төртінші орныда бір ұпай ғана жинаған "Унион Берлин".

Басқа спорттық жаңалықтар