Теннис

Зарина Дияс Варшавадағы Челенджерді жеңіспен бастады

 Зарина Дияс Варшавадағы Челенджерді жеңіспен бастады
Instagram.com/zarinadiyas/

Қазақстандық теннисші (№649) Зарина Дияс Варшавада (Польша) өтіп жатқан Челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.

Екі жылдық үзілікстен кейін кортқа биыл ғана оралған 30 жастағы қазақстандық теннисші алғашқы айналымда корт иесі (№ 305) Мартина Кубкамен кездесті.

Бірінші партияда жергілікті теннисші 6:3 есебімен басымдылық танытты. Содан кейін екі сетте Зарина 7:6 (7:4), 7:6 (7:3) есебімен Кубканың меселін қайырды. Екі сағат 59 минутқа созылған аса тартысты матчта Зарина 5 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін есебіне жазды. Кубка 9 эйс, 5 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Зарина Дияс ширек финалға өту үшін 22 жастағы тағы бір польшалық теннисші Майя Хвалинскамен матч өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар