Теннис
Жұптық сын. Недовесов Аустариядағы турнирдің ширек финалына өтті
ҚТФ
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы (№54) Александр Недовесов Китцбюэльдегі (Аустрия) ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы айналымда сербиялықтар Иван Сабанов және Матей Сабанов дуэтімен ойнады.
Недовесов — Эскобар бір сағаттан астам уақытта қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен. Бұл матчте олар 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Сербиялықтар 2 эйс, 3 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.
Енді Недовесов пен Эскобар жартылай финалға өту үшін германиялықтар Хендрик Йебенс және Константин Франц дуэтімен матч өткізеді.