UFC

Шавкат Рахмонов — Стивен Томпсон жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Шавкат Рахмонов — Стивен Томпсон жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Жексенбі күні, 17 желтоқсанда таңертең қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездеседі, деп хабарлайды Bigsport.kz.

Рахмонов — Томпсон жекпе-жегінің тікелей эфирін UFC ресми сайтында көруге болады. Басталу уақыты - Астана бойынша сағат 09:40 шамасында. Бір айға жазылу құны $5.5 немесе шамамен 2550 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, жекпе-жекті Setanta Sports арқылы көруге болады. Артық төлемсіз Netflix жазылымы бар жоспарды таңдау мүмкіндігі де бар.

UFC 296-ны шетелде америкалық ESPN арнасы, британиялық TNT Sports және ресейлік «Матч ТВ» мен «Матч Боец» көрсетеді.

Айта кетейік, UFC 296 турнирінің басты жекпе-жегінде ағылшын Леон Эдвардс (21-3) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар