Кәсіби бокс

Данияр Елеусінов екі жылдан соң "IBA Чемпиондар түні" бокс кешінде жеңіспен оралды

Астанада Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған бокс кеші – «Чемпиондар түні» аяқталды, онда Қазақстан чемпиондары шартты әлем құрамасымен жұдырықтасты.

Кештің басты додасында 2016 жылғы Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов Оңтүстік Африка елінің өкілі Жабулани Махенсемен кездесті.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен алты раундтық жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.



Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар