Бокс

Шавкат Рахмонов Геннадий Головкиннің ерекше жекпе жегіне болжам жасады

Шавкат Рахмонов Геннадий Головкиннің ерекше жекпе жегіне болжам жасады

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы UFC жауынгері Шавкат Рахмонов "Матч ТВ"-мен сұхбатта өзінің әйгілі отандасы — боксшы Геннадий Головкиннің танымал ютуберлердің бірі Логан немесе Джейк Полмен гипотетикалық жекпе-жегінің нәтижесін болжады.

— Менің балалық шағымда Қазақстандық ең танымал спортшы Головкин болды. Ал қазір кім?

— Гена ол Гена, ол әлі күнге дейін ең танымал. Мансабы аяқталса, мүмкін мен болам.

— Геннадий - кішіпейіл жігіт және ол бұл сұраққа жауап бермейді, бірақ Логан Пол немесе Джейк Полдың Головкинмен жекпе-жегі қалай болар еді?

— Иә, Гена басқаша деңгейде. Ол қазір мансабын аяқтап жатыр, бір жекпе-жек қалды, кателеспесем. Әрине, Гена жеңеді. Ол ұзақ уақыт бойы жоғарғы деңгейде бокспен айналысқан.



Дереккөз: matchtv.ru

Басқа спорттық жаңалықтар