Теннис

Елена Рыбакинаның Монреалдағы кездесуі жыл үздіктерінің қатарына кірді

Елена Рыбакинаның Монреалдағы кездесуі жыл үздіктерінің қатарына кірді

Беделді Tennis.com сайты 2023 жылдың үздік кездесулер тізімін жариялады. Үздік кездесулер қатарында Елена Рыбакинаның матчы да бар.

Елена Рыбакина Монреалдағы турнирдің ширек финалында ресейлік Дарья Касаткинамен кездескен болатын.

Аталған матч 5:7, 7:5, 7:6 (10:8) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

2023 жылғы ең үздік матчтардың көшін Уимблдон финалында кездескен Карлос Алькарас пен Новак Джокович матчы бастап тұр.



Дереккөз: tennis.com

Басқа спорттық жаңалықтар