Семсерлесу

Семсерлесуден жастар арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Семсерлесуден жастар арасында Қазақстан чемпиондары анықталды
Ұлттық олимпиадалық комитет

Шымкентте семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Шпагамен семсерлесуден ерлер арасында Александр Федотов топ жарды. Қыздар арасында алматылық Мария Лесовская алтын медаль иеленді.

Ерлер арасындағы командалық сында Шығыс Қазақстан облысы көш бастады. Әйелдер арасында командалық жарыс Алматы командасының жеңісімен аяқталды.

Айта кетелік, бұған дейін кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі мәресіне жеткен болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар