Футбол

Қайрат Боранбаев "Қайраттың" негізгі командасымен кездесу өткізді

Қайрат Боранбаев

"Клубтың спорттық базасында Қайрат Советаевич Боранбаев бастаған клуб басшылығының негізгі команданың ойыншыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесуі өтті. Келесі жылы команданың алдына Қазақстан чемпионы болу міндеті қойылды.

Сонымен қатар, Қайрат Советаевич клуб өз академиясының тәрбиеленушілеріне басты назар аудара отырып, өз стратегиясын ұстануды жалғастыратынын атап өтті.

Кирилл Кекер бас жаттықтырушы ретінде жұмысын жалғастырады, сонымен қатар бүкіл жаттықтырушылар құрамы өзгеріссіз қалады.

Жиын соңында Қайрат Советаевич оқу-жаттығу жиындары барысында барлығына жемісті жұмыс тіледі", - деп жазады Алматы клубының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 31 наурызда Қайрат Боранбаев сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын, бірақ кейін 20 қазанда сот оның жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды, ал кейінірек 6 қарашада ол бостандыққа шықты.



Дереккөз: fckairat.com

Басқа спорттық жаңалықтар