Футбол

Ресми: "Ақтөбе" футбол клубы Максим Самородовпен келісімшартты ұзартты

Ресми:

Максим Самородов "Ақтөбе" футбол командасымен 2024 жылға дейін жаңа келісімшартқа отырды.

Футболшы 2020 жылы "Ақтөбе" футбол клубы сапында Бірінші лига жеңімпазы атанып, 2021 жылы шеберлігін жоғарғы чемпионатта шыңдады. 2022 жылы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлде иегері атанып, "Қазақстанның үздік жас ойыншысы" номинациясын жеңіп алды. Ал 2023 жылы мемлекет басшысының "Ерен еңбегі үшін" медальімен марапатталды.

Өткен маусымда Қазақстан Премьер лигасы мен Конференция лигасында жақсы өнер көрсеткен Максим аталмыш клубтың өткен маусымдағы ең үздік сұрмергені. Айта кетейік, Самородовтың қоржынында 7 гол, 5 ассист бар.

Осыған дейін Максимге бірқатар шетелдік футбол клубтарынан ұсыныс түскені белгілі болған. Олардың ішінде ресейлік "Краснодар", "Спартак", "Локоматив" командалары бар.


Басқа спорттық жаңалықтар