ХК "Барыс"

"Барыстың" жаңа бас бапкерін тағайындау қолдауға ие болды

Өскемендегі "Торпедоның" бұрынғы вице-президенті Юрий Петухов Sports.kz-пен астаналық "Барыс" жаттықтырушылар штабындағы ауысулар туралы пікір бөлісті.

- Менің ойымша, қазір Қазақстанда Олег Болякиннен артық жаттықтырушы жоқ. Дәл ойлау, ойынды ұйымдастыру, ойыншылармен өзара әрекеттесу бойынша. Бүгінгі таңда бұл ең жақсы нұсқа болуы мүмкін және бұл өте орынды. Мен Олег Владимировичпен өзім жұмыс істегем, Қазақстанда бұдан жақсы кандидатура жоқ, - дейді маман.

Естеріңізге сала кетейік, кеше "Барыс" Ғалым Мәмбеталиевтің кететінін жариялады, ал соңғы айларда клубта бас менеджер лауазымында жұмыс істеген Олег Болякин бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды.



Дереккөз: sports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар