Гимнастика

Спорттық гимнастикадан 2027 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қала анықталды

Спорттық гимнастикадан 2027 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қала анықталды

Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) атқарушы комитеті 2027 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы анықтады.

Спорттық гимнастикадан 2027 жылғы әлем біріншілігін Қытайдың Чеңду қаласы қабылдайды.

Турнир 23 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өтеді.

Айта кетелік, биылғы әлем біріншілігінде Қазақстан командасы араға 25 жыл салып, әлем чемпионатының медалін жеңіп алған еді.

Милад Карими еркін жаттығуда әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.



Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар