Бадминтон

Қазақстанда өткен бадминтоннан халықаралық турнир мәресіне жетті

Қазақстанда өткен бадминтоннан халықаралық турнир мәресіне жетті

Түркістан облысындағы спорттық-сауықтыру базасында бадминтоннан халықаралық Apacs Kazakhstan International Series-2023 іріктеу турнирі мәресіне жетті.

Халықаралық турнирге Канада, Кипр, Индонезия, Үндістан, Израиль, Қазақстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Мьянма (Бирма), Филиппин, Шри-Ланка, Тимор-Лесте (Шығыс Тимор), БАӘ, Өзбекстан, Замбия елдерінен келген 83 спортшы қатысты.

Ұлттық құрама нәтижесі келесідей:


Ерлер,әйелдер аралас жұптық сайысы:

Алтын медаль – Дмитрий Панарин, Камила Смағұлова.

Күміс медаль – Хайтмұрат Құлматов, Айша Жұмабек.

Қола медаль – Артур Ниязов, Наргиза Рахметуллаева; Махсұт Таджибуллаев, Ромуалда Батырова.


Ерлер арасындағы жұптық сайысы:

Күміс медаль – Евгений Евсеев, Байкен Ибрай.

Қола медаль – Джангир Ибраев, Илья Лысенко;

Артур Ниязов, Хайтмурат Құлматов.


Әйелдер арасындағы жұптық сайысы:

Алтын медаль – Айша Жұмабек, Наргиза Рахметуллаева.

Күміс медаль – Камила Смағұлова, Надежда Назаренко (Кипр спортшысы).

Қола медаль – Диляра Джумадилова, Ромуалда Батырова; Алиса Кулешова, Диана Наменова.



Дереккөз: nur.kz

Басқа спорттық жаңалықтар