Кәсіби бокс

Жәнібек Әлімхагнұлы карьерасын қай салмақта жалғастыратынын айтты

Жәнібек Әлімхагнұлы карьерасын қай салмақта жалғастыратынын айтты
Sports.kz

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңзеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 12 КО) жекпе-жегінің өтпей қалғанын қатысты пікір білдірді.

"Бәріне қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет. Менімен бәрі жақсы. Бір-екі аптада қалпыма келіп, қайта ораламын! Және маңызды жаңалық: мен орта салмақта қаламын! Мұнда менің бітпеген істерім бар!

Адамес және Лара қуануға асықпаңдар. Мен орта саламқта айқасып, барлық төрт белбеуді аламын. Менде салмақпен қиындықтар туғанда, орта дивизионда барлық боксшылар жиналып, тойлағанын естідім. Мерекелеріңді құртқаныма ренжімеңдер. Патша оралады және орта дивизионға әмірін жүргізеді", - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде.

Басқа спорттық жаңалықтар