ММА

Асу Алмабаев UFC рейтингінде топ-15 тізімге кірді

Асу Алмабаев UFC рейтингінде топ-15 тізімге кірді
Sports.kz

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Асу Алмабаев (20-2) өте жеңіл салмақ рейтингінде топ-15 тізімге кірді, деп жазады Fighth HQ.

Зұлпықар UFC-де қатарынан үш жеңіске жеткен. Қазір Асу қытайлық Су Мудаержимен бірге он бесінші орында. Дивизион рейтингінде көшбасшы америкалық Брендон Ройвал, ал чемпиондық белбеу бразилиялық Александр Пантожада.

"Ерлер арасындағы 125 фунт салмақта Асу Алмабаев топ-15 тізімге жарып кірді", - деп жазады Fighth HQ.

Басқа спорттық жаңалықтар