Қазақстан футбол Премьер-лигасы

Бауыржан Байтана "Ақтөбеден" кетеді

Бауыржан Байтана
"Ақтөбе" ФК

«Ақтөбе» жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана клубтан кететін болды, деп хабарлайды «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Бауыржан Байтана жақын күндері «Ақтөбе» футбол клубынан кетеді. Ойыншы басқа клубқа ауысуы мүмкін», - делінген хабарламада.

32 жастағы футболшы ақтөбелік команда сапына 2022 жылдың жазында ауысқан.

Осы маусымда жартылай қорғаушы Қазақстан чемпионатының жеті матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Басқа спорттық жаңалықтар