Футбол

"Барселонадан" кетісімен Хавидің не істейтіні белгілі болды

Marca

"Барселонаның" бас бапкері Хави Эрнандес каталондық клубтан кеткеннен кейін не істейтіні белгілі болды.

Испаниялық маман "Барселона" күтпеген жерден "Вильярреалдан" ұтылғаннан кейін (3:5) командадан кететінін мәлімдеді.

Transfer News Live мәліметінше, бапкер алдымен бір жылдай демалып алмақ.

Ал одан кейін маман Англия премьер-лигасында күшін сынап көрмек. Кейін "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін екен, алайда өзге испаниялық клубты қарастырып та отырған жоқ.

Басқа спорттық жаңалықтар