Велоспорт

Қазақстандық велотрекші Азия кубогінде жүлделі болды

Қазақстандық велотрекші Азия кубогінде жүлделі болды
Көрнекі сурет

Таиланд корольдігінде велотректен Азия кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күнінде жекелей із кесу сайысында Ұлттық құрама спортшысы Максим Хорошавин 3-орын алды. Айта кетейік, барлығы 10 елден 167 спортшы бақ сынап жатқан бәсекеде 8 отандасымыз өнер көрсетеді.

Олар: Әлішер Жұмақан, Илья Карабутов, Рамазан Мұхтар, Андрей Чугай, Кирилл Курдиди, Ризван Бейсенбаев, Виктор Голов, Максим Хорошавин. 

Жарыс 30 тамызда аяқталады.

Басқа спорттық жаңалықтар