ХК "Барыс"
«Барыстың» сұрмергені еуропалық клубқа қосылды

"Барыс" ХК
Швейцариялық «Лейкерс Рапперсвиль-Йона» хоккей клубы шведциялық шабуылшы Понтус Обергті сапына қосты.
30 жастағы Оберг өткен маусымда астаналық «Барыс» сапында 37 ұпай (17+20) жинап, үздік бомбардир атанған еді.
Айта кетейік, бұған дейін Обергтің «Барыспен» келісімшарт мерзімін ұзартпайтыны хабарланған.