Теннис

Денис Евсеев Бастадтағы ATP 250 іріктеуінің финалына жетті

Денис Евсеев Бастадтағы ATP 250 іріктеуінің финалына жетті
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Бастадтағы (Швеция) ATP 250 турнирі іріктеу сайыстарының финалына өтті.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін швециялық, 17 жасар Людвиг Фредрик Хедемен өткізді. Бірінші партияда корт иесі 6:2 есебімен басым түскенімен, Евсеев камбэк жасай білді — 6:1, 6:1.

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында Евсеев 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 6 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 142-ракеткасы, Аргентина өкілі Роман Андрес Бурручага немесе рейтингіде 235-сатыдағы франциялық Мануел Гинардың біреуімен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар