Футзал

Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-ге іріктеудің алдағы матчтеріне құрамын жариялады

Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-ге іріктеудің алдағы матчтеріне құрамын жариялады
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысының алдағы екі кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

А тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан 14 желтоқсанда Астанада Нидерланд құрамасымен, ал 20 қарашада сырт алаңда Румыниямен ойнайды.

Бұл топта төрітніш команда Әзербайжан құрамасы.

Осыған деінгі матчтерде футзалшыларымыз Румынияны (4:3) және Голландияны (2:0) ұтқан болатын. Ал Әзербайжанды екі кездесуде де 4:2, 3:2 жеңді.

Төрт тур қортыныдсы бойынша 12 ұпай жинаған Қазақстан топта бірінші тұр. Одан кейін Румыния (7), Әзербайжан (3) және Нидерланды (1).

Ұлттық құраманың алдағы ойындарға құрамы кеелсідей:

Қақпашылар: Леонардо де Мело Виейра Лейте (Игита), Нарун Серіков, Қанат Жеткірбаев;

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан да Силва Рего (Тайнан), Эдсон Гомес дос Сантос (Эдсон), Леонардо Мендонка да Роса (Лео), Азат Валиуллин, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Дамир Қайырбай, Арнольд Кнауб, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Дәурен Тұрсағұлов, Нұрболат Батырханов, Ақжол Дәрібай, Асхат Көлбаев, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов;

Оқу-жаттығу жиыны 10 желтоқсанда Астана қаласында басталады.

2024 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстанда өтеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар