Футбол

"Астон Вилла" Гвардиоланың командасын турнир кестесінде сырғытып тастады

avfc.co.uk

"Астон Вилла" Англия чемпионатының 1-турында өз алаңында "Манчестер Сити" командасын ұтып кетті.

Бирмингемдегі "Вилла Парк" стадионында өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Матчтегі жалғыз голды Леон Бэйли 74-минутта салды.

Ал Хосеп Гвардиоланың командасы ойын барысында қарсылас қақпасына екі рет қана соққы бағыттай алды.

Осы ойыннан кейін "Астон Вилла" 32 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді, ал "Манчестер Сити" 30 баллмен төрнтінші орынға түсіп қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар