Футбол

Луис Суарес Бразилияда ең мықты ойыншы атанды

Луис Суарес Бразилияда ең мықты ойыншы атанды
Instagram/luissuarez9

«Гремио» клубының уругвайлық шабуылшысы Луис Суарес 2023 жылғы Бразилия чемпионатының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды порту-алегрилік клубтың баспасөз қызметі. 

36 жастағы футболшы «Алтын доп» сыйын еиленді. Бұл сыйды оған Уругвай құрамасындағы бұрынғы әріптесі Диего Лугано табыс етті.

Суарес 2023 жылғы маусымда 33 матчте 17 гол салды және 11 ассист жасады. 

Айта кетейік, «Гремио» Бразилия чемпионатында мауымды екінші орынмен аяқтады. 

Басқа спорттық жаңалықтар