Теннис

Дмитрий Попко Румыниядағы Челенджердің ширек финалына жетті

Дмитрий Попко Румыниядағы Челенджердің ширек финалына жетті
KTF.kz

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Яссыдағы (Румыния) Челленджер турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 376-сатыдағы румыниялық Сезар Крецумен кездесті. Попко корт қожайынын бір жарым сағат уақытта  7:5, 6:3 есебімен қапы қалдырды.

Бұл матч барысында Дмитрий 4 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Крецу 6 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

Енді Дмитрий жартылай финалға өту үшін әлемнің 195-ракеткасы, франциялық Энцо Кокомен кездесу өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар