Бокс

Головкиннің айлығы 25 млн ба? ҚР ҰОК мәлімдеме жасады

Головкиннің айлығы 25 млн ба? ҚР ҰОК мәлімдеме жасады
ҚР ҰОК

2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасына берген сұхбатында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің жалақысы туралы айтты.

"Нақты білмеймін, бірақ Головкиннің ҰОК-дегі жалақысы – 20-25 миллион теңге шамасында", – деді Артаев.

Кейіннен Қазақстан Республикасы ҰОК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

"Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ. Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған", - деген мәлімдемеде.

Басқа спорттық жаңалықтар