2024 Париж Олимпиадасы

Головкин президентке ұлттық құраманың Олимпиадаға дайындығы туралы есеп берді

Головкин президентке ұлттық құраманың Олимпиадаға дайындығы туралы есеп берді
Ақорда

Париж Олимпиадасы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

ҰОК басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді. Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады.

Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр. Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.


Басқа спорттық жаңалықтар