Бокс

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы WBO рейтингінде көтерілді

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы WBO рейтингінде көтерілді
instagram.com/ali_boxing_kz

Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Али Балоев (13-1-1, 8 КО) WBO рейтингінде көтерілді.

Ұйымның жаңартылған табелінде Балоев бір саты жоғарлап, 13-орынға жайғасыпты. Бұл салмақта WBO чемпионы британиялық Крис Биллам-Смит.

Қазақстандық боксшы кейінгі рет 10 қыркүйек Қытайдың Ухань қаласында өткен бокс кешінде жұдырықтасып, франциялық Сирил Макиадиді (15-4-2, 6 КО) жеңді де, WBO Global титулын иеленді.

Басқа спорттық жаңалықтар