ММА

Шавкат Рахмонов бұрынғы бапкеріне көлік сыйлады

Шавкат Рахмонов бұрынғы бапкеріне көлік сыйлады
instagram.com/shavkatrakhmonov94

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) жаттықтырушысы Баян Жанғаловқа көлік сыйға тартты. Шавкат аталған көлікті тізгіндеп барып, кілтін бірден тренеріне табыстаған.

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов тренері Баян Жанғаловтың жетекшілігінде ММА бойынша әлем чемпионы атанса, M-1 Global лигасында чемпион титулын жеңіп алғанын, сондай-ақ, UFC алаңына шыға бастағанын еске саламыз.

Дивизионның жаңартылған тізімінде «Номад» лақап атымен танымал қазақстандық спортшы үшінші орында тұр. Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан. Колби Ковингтон бесінші орынға сырғыды.


Басқа спорттық жаңалықтар