ММА

Бірінші раундта нокатупен жеңіске жеткен Жұмағұлов UFC-ге оралуды көздеп отыр

Бірінші раундта нокатупен жеңіске жеткен Жұмағұлов UFC-ге оралуды көздеп отыр
instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Астанада өткен аралас жекпе-жектен NAIZA 55 турнирінде Масато Накамураны бірініш раундта нокаутқа түсірген қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов жекпе-жектен кейін журналистерге берген сұхбатында UFC-ге оралғысы келетінін ашық айтты. 

- Мұхиттың ары жағына оралу ойы бар ма?

- Виза алдым. Енді Саят Әбдірахмановты (менеджер) күтемін. Ұсыныс күтеміз. Қалай болса да карьерамды аяқтамақ емеспін. Әлі де күш бар. Біз сондай халықпыз, 30-дан кейін ашыла түсеміз, мен де солардың бірімін. 

- Шетелдік лиганың қайсы қызықтырады?

- Шынын айтқанда UFC-ге қайта оралғым келеді. Промоушен матчмейкері Мик Мейнардпен сөлескенмін. Маған бір-екі жекпе-жекте жеңу керек, сосын қайта ораламын. 

Басқа спорттық жаңалықтар