Қарсыласын бірінші раундта жеңген Жұмағұлов бірден нокаутқа тырысқанын айтты
35 жастағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (15-9) NAIZA 55 турнирінен кейін журналистер сұрағына жауап берді.
Өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Астанада өткен турнирде жапониялық Масато Накамураны (9-8) бірінші раундта нокаутқа түсірді.
- Жалғас, оралуыңмен! Жылдам жеңіске жеттің, құттықтаймыз, о бастан нокаутқа тырысытың ба?
- Жеңіс сериясына оралғаныма қуаныштымын, әсіресе өз отанымда. Мұны ұзақ күттім. Шынын айтқанда тек жылдам жеңіске дайындалдым. Төрешілер шешіміне дейін жеткізгім келмеді.
- Туған жеріңде жекпе-жек өткізудің UFC-ге дейін және кейін өткізгеннің айырмасы бар ма? Не өзгерді?
- Біріншіден, отаныңда бәрі күтіп отырады, күш береді. Оның үстіне қалыпқа келуге уақыт жеткілікті болды, кешкісін айқасамыз ғой. UFC-де таңғысын салмақ өлшеп, таңғысын айқасасың. Қалыпқа келу қиын болатын, өйткені мен салмақ көп түсіремін. Ал мында өзімді жақсы сезінемін. Бірінші рет жекпе-жекке он келі салмақ қосып шықтым. Бұрын мұндай болған емес.
- Осы уақытқа дейін отандық жанкүйерлердің орны білініп тұрды ма?
- Әрине. Қалай болса да өз жеріңдегі көрермен - ол өз көрермендерің. Бізде жанкүйерлік осындай мықты екені қуантады. Жанкүйерлеріміз қызу қанды. Не дейін, бізде бәрінің қаны қызу, біз жауынгерміз, батырмыз ғой.