Футбол

"Манчестер Сити" Тони Кроосқа көз тігіп отыр

Betassist

"Реалдың" жартылай қорғаушысы Тони Кроос мадридтік клубтан кетуі мүмкін, деп жазады "Чемпионат"

Todofichajes мәліметінше, германиялық футболшыға "Манчестер Сити" көз тігіп отыр. Англиялық клуб Кроосқа маусымына 15 миллион еуро төлеуге дайын екен.

Манчестерлік клубтың бас бапкері Хосеп Гвардиола футболшыны "Бавариядан" бері жеке таниды және мүмкіндігін жақсы біледі.

Еске салайық, Кроос "Реал" сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Биылғы маусымдағы 19 матчте ол бір гол салып, төрт нәтиелі пас берген. 

Басқа спорттық жаңалықтар