0

Қазақстанның әйелдер құрамасының ӘЧ-дегі келесі қарсыластары анықталды

Қазақстанның әйелдер құрамасының ӘЧ-дегі келесі қарсыластары анықталды
crazy.casa

Гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының келесі қарсыластары анықталды.

Енді әрбір топта төртінші орныдағы командалар Президент кубогында екі топқа бөлінеді. Қазақстандық гандболшылар G тобында сынға түсіп, Испаниядан (17:34), Бразилиядан (16:46), Украинадан (24:37) ұтылған болатын. Енді Қазақстан екінші топта Чили, Иран, Конго Республикасымен ойнайды. Құрамалар 25-32 орындар үшін таласқа түседі. 

Бүгін, 6 желтоқсанда Конго Республикасымен ойнаса, 9 желтоқсанда Чили. 11 желтоқсанда Иранмен шеберлік байқасады.

Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші рет қатысып отыр. Әзірге құраманың ең жоғары көрсеткіш 18-орын, бұл көрсеткішке ұлттық команда 2007 жылы жеткен еді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 17 желтоқсанда аяқталады.

Басқа спорттық жаңалықтар