Қазақстан футболы

Жарты жыл айлық алмаған «Ақжайық» футболшылары алаңға шығудан бас тартты

Жарты жыл айлық алмаған «Ақжайық» футболшылары алаңға шығудан бас тартты
«Ақжайық» ФК

«Ақжайық» футбол клубының ойыншылары чемпионат матчына қатысудан бас тартты.

Бірінші лигада өнер көрсететін оралдықтар бүгін Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе Жас»» командасымен ойнауы керек еді. «Ақжайық» футбол клубының директоры Манарбек Ержанов әлі күнге дейін қаржы бөлінбегендіктен, ойыншылардың осындай қадамға барғандығын айтты.

Футболшылар облыс әкімдігіне барып, бес-алты ай бойы жалақы алмағандықтан, қиын жағдайда қалғандығын жеткізді. Ал БҚО әкімінің жақында тағайындалған орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев мәселені зерттеу үшін өзіне уақыт керектігін айтты.

«Ақжайық» турнир кестесінде небәрі 6 ұпаймен 15-орында келеді.

Басқа спорттық жаңалықтар