Футбол

"Марсель" өз алаңында "Лионды" ойсырата ұтты

OM.FR

"Марсель" командасы футболдан Франция чемпионатының 10-турында "Лионды" өз алаңында ойсырата ұтты.

Марсельдегі "Оранж Велодром" стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда Витинья мен Мурильо гол салды. Екі голға да габондық шабуылшы Пьер-Эмерик Обамеянг ассист жасаған. Ал екінші таймда Обамеянгтің өзі есепке нүкте қойды.

"Марсель" осы жеңіс арқасында 17 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді. "Лион" болса жеті ұпаймен соңғы орында.

Айта кетейік, бастапқыда бұл матч 29 қарашада өту керек еді, алайда марсельдік жанкүйерлер "Лион" командасы отырған автобусқа шабуылдап, бас бапкер Фабио Гроссо жеңіл жарақат алған болатын. Осыдан кейін кездесу кейінге шегерілді.

Басқа спорттық жаңалықтар