Теннис

Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында Уимблдон ширек финалына жетті

Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында Уимблдон ширек финалына жетті
ktf.kz

Қазақстандық жас теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Рената Ямрихова мен жапониялық Эни Койке дуэтімен ойнады.

Бірінші партияда Арыстанбекова – Жиенбаева 6:2 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Ямрихова – Койке қарымта қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6.

Енді Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін чехиялық Джули Пастикова пен германиялық Юлия Штузек жұбымен кездесу өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар