Үстел теннис

Алматыда тарихта екінші рет үстел теннисінен беделді турнир өтеді

Алматыда тарихта екінші рет үстел теннисінен беделді турнир өтеді
Ұлттық олимпиадалық комитет

Алматыда тарихта екінші рет WTT Youth Contender Almaty беделді халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

биыл үлкен старт 27-30 шілде аралығында өтеді. Сонымен қатар 5 жас санаты бойынша жүлде ойнатылады.

Бұл турнирге 17 елден келген 230 спортшы бақ сынайды. Бельгия, Гонконг, Үндістан, Иран, Қатар, Қытайлық Тайпей, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Словакия, АҚШ, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Жапония және Қазақстан өкілдері WTT Youth Contender Almaty жарысына қатысатындарын растады.

Жарыс соңында жүлделер жинаған ұпайы арқылы әлемдік рейтингідегі орнын жақсарта алады. Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) және Дүниежүзілік үстел теннисінің (WTT) қолдауымен өтетін турнирге 11 мен 19 жас аралығындағы спортшы ұлдар мен қыздар қатысады.

Басқа спорттық жаңалықтар