Кәсіби бокс

Мадримов Кроуфордтан кейін Канеломен айқасты көздеп отыр

Мадримов Кроуфордтан кейін Канеломен айқасты көздеп отыр
Reuters

Бірінші орта салмақта WBA чемпионы Исраил Мадримов (11-0-1, 7 КО) Сауль Канело Альвареспен (61-2-2, 39 КО) жекпе-жекке шыққысы келеді, деп жазады Fightnews.info.

3 тамызда АҚШ-та өзбекстандық боксшы екі салмқата абсолют чемпион болған америкалық Теренс Кроуфордпен (40-0, 31 КО) айқасады.

"Әр боксшының арманы - ең атақтылармен айқас. Дәл қазір бар назарым Теренс Кроуфордпен жекпе-жекте. Елдің бәрі Кроуфорд - Канело жекпе-жегін талқылауда. Мүмкін Мадримов - Канело кездесуі туралы айта бастау керек болар. Кроуфордты жеңгеннен кейін Канеломен айқасқым келеді. Бұл ерекше айқас боалды. Мен бұл айқастың Кроуфордтан кейін бірден өткенін қалаймын", - дейді Мадримов.

Басқа спорттық жаңалықтар