Футбол

"Милан" қақпашысына Еуропаның төрт бірдей топ клубтары көз тігіп отыр

Global Look Press

"Миланның" қақпашысы Майк Меньянға төрт бірдей еуропалық топ клуб көз тігіп отыр екен. Бұл туралы Foot Mercato басылымы жазып отыр. 

Голкипердің италиялық клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген. Миландықтар қақпашымен жаңа келісімшарт бойынша келіссөз жүргізуде, франциялық футболшы еңбекақысын көтеруді сұрап отыр екен.

Қалай дегенмен клуб қақпашыны жібергісі жоқ, голкипер де кететін сыңай танытпады.

Осы маусымда 28 жастағы қақпашы "Милан" қақпасын 16 матчта күзетіп, 6 кездесуде бірде-бір доп өткізбеді.

Басқа спорттық жаңалықтар