Теннис
Скатов алғаш рет ATP 250 турнирінде екінші жеңісіне жетті
ҚТФ
Қазақстандық теннисші (№ 223) Тимофей Скатов Бостадтағы (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.
Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің (№ 27) нидерландылық Таллон Грикспурды ұтты.
Бірінші партияда нидерландылық теннисші 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсеткенімен, одан кейін Скатов камбэк жасай алды – 6:3, 6:3.
Екі сағат 10 минутқа созылған матчта Тимофей 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Грикспур 6 эйс, 4 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Скатов карьерасында алғаш рет ATP 250 турнирінде қатарынан екінші жеңісіне жетті. Енді Тимофей жартылай финалға өту үшін португалиялықтар Энрике Роша және Нуну Боргеш матчінің жеңімпазымен ойнайды.