Теннис

Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына бір қадам қалды

Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына бір қадам қалды
rolandgarros.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына өтті.

Төртінші айналымда Елена әлемнің 18-ракеткасы саналатын ресейлік Анна Калинскаямен ойнады. 50 минутқа созылған матчтің бірінші сетінде Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші партияда Елена 3:0 есебімен алға шыққаннан кейін Калинская бәсекені жалғастырудан бас тартты. 

Бұл матчте қазақстандық спортшы 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ресейлік теннисші 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 21-ракеткасы Элина Свитолина мен 42-сатыдағы қытайлық Синьюй Ван кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар