Хоккей

"Номад" командасын жаңа маусымға дайындайтын бапкерлер тізімі жарияланды

hcbarys.kz

"Номад" командасын Қазақстан чемпионатының келесі маусымына дайындайтын бапкерлер құрамы жарияланды, деп жазады hcbarys.kz.

Алдағы кезеңде «Номадты» Ғалым Мәмбеталиев басқарады. Оның жаттықтырушылар штабына Георгий Верещагин, Вячеслав Белан, Павел Бессонов және Александр Березенский кіреді.

"Жақында маусым алдындағы дайындық жоспары жарияланады, сонымен қатар жанкүйерлерді команда құрамымен таныстыруды бастаймыз", - делінген хабарламада.

Басқа спорттық жаңалықтар